
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Өміржан Тұқышевтың хабарлауынша, 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі.
– Өткен жылыту маусымында (2024–2025 жж.) облыста 87 өрт тіркелді, – деп еске салды спикер. – Оның ішінде 29-ы жеке тұрғын үйлерде, 11-і көпқабатты үйлерде, 47-сі ауладағы құрылыстарда (монша, гараж, шөпқора және т.б.).
Өрттердің негізгі себептері – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 26 жағдай (өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп); пештерді пайдалану кезінде – 21 жағдай (өсім 2,6 есе); отпен абайсыз жұмыс істеу – 6 жағдай (2,2 есе азайған).
2024 жылы ӨҚЕ бұзғаны үшін 1468 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік осал топтарды қорғау шаралары аясында автономды хабарлағыштар мен көміртегі тотығы/табиғи газ анықтайтын дабыл қаққыштарды орнату жалғасуда. Осы шаралардың арқасында соңғы маусымда қайғылы жағдайлардың алдын алынды – 20-дан астам адам, соның ішінде 12 бала құтқарылды.
Бұдан бөлек, апта сайын 112 нөмірі арқылы өңір тұрғындарына жылыту құрылғыларын және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салатын SMS-хабарламалар жіберіледі.
ТЖД қызметкерлері коммуналдық қызметтермен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, хабарлағыштар орнатып, мұржаларды тазартуда және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріндегі жылыту жүйелерінің жағдайын тексеруде.
Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды қырағы болуға, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және кез келген қауіпті жағдайлар туралы 101 немесе 112 телефон нөмірлері арқылы дереу хабарлауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1051687?lang=kk
Жауап қалдыру