
Денсаулық сақтау министрлігінде министр Ақмарал Әлназарованың Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Сарангоо Раднаарагчаамен кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында босандыру жүйесін дамытуды, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайтуды және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі бірлескен бастамаларды қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Халықтың осал топтарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі әйелдер мен балаларды қолдау тақырыбы жеке қозғалды.
Министр Қазақстан №3 «Жақсы денсаулық және салауаттылық» орнықты даму мақсатына қол жеткізу бойынша белсенді жұмысты жалғастыратынын және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін БҰҰ жүйесімен ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.
А. Әлназарова Раднаарагчаа ханымды Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі лауазымына ресми кірісуімен құттықтап, сындарлы өзара іс-қимылға дайындығын білдіріп, БҰҰ-мен әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша БҰҰ өкілімен МСАК елдерінің коалициясын құру арқылы МСАК мәселелерін бірлесіп ілгерілету және 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен сайд-ивент барысында одан әрі талқылау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1051680?lang=kk
Жауап қалдыру