Баспасөз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы субьектілерінің назарына!

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233 бабы 4 тармағы 1,2,3 тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынатынын ескертеміз.

Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібі «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу,қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын бұзған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 426-бабы 3 тармағына сәйкес, тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау,өткізу, қолдану, жарнамалау, егер ол адамның денсаулығына зиян келтіруге алып келмесе,- қызметті тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып абылатын дәрілік және оған теңестірілетін заттар және әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға- бір жүз, лауазымды адамдарға- бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне- үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zko/press/news/details/1051383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді