ЕРІК БАЙЖҮНІСОВ ҰҚДО БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды.

Бүгін, 2025 жылғы 13 тамызда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы болып Ерік Әбенұлы Байжүнісов тағайындалды.

Ерік Әбенұлы 1965 жылғы 26 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары медициналық білімі бар (Алматы мемлекеттік медицина институты, 1988 ж.), философия докторы (PhDr) дәрежесіне және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі – шамамен 35 жыл, оның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте.

Ерік Әбенұлы дәрігер-хирургтен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне дейінгі жолдан өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығын басқарған.

Қызмет жолында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1051679?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді