КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДЕ ТӘРТІП БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлердегі қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатында арнайы бақылау жұмыстары жүргізілуде. Енді үй ережелерін бұзған тұрғындарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, айыппұл түрінде жаза қолданылады.
Ережелерді бұзған жағдайда мынадай айыппұл мөлшері белгіленген:
• Кіреберісте темекі шегу – 58 000 теңге;
• Қоқысты есік алдына немесе контейнерден тыс тастау – 78 000 теңге;
• Вандализм (қабырғаға жазу, граффити салу, бүлдіру) – 197 000 теңге немесе 20 тәулікке дейін қамау;
• Түнгі уақытта (22:00–09:00) тыныштықты бұзу – жеке тұлғаларға 19 600 теңге, кәсіпкерлерге 78 000 теңге;
• Кіреберіс дәлізге жеке заттар қою (велосипед, арба, қораптар және т.б.) – айыппұл салынады.
Егер ереже бұзушылық қайталанса, айыппұл қайта салынады.
Тәртіп пен тазалық – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1051334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді