Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағанов өңірдегі мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының 500-ден астам маман жұмыс істейтін 110 ветеринарлық мекемесіне 113 қызметтік автокөлік жолданды.
Көлік 2 млрд 300 млн теңгеге 5 жылға лизингке алынды. Сонымен қатар, қыркүйек айының соңына дейін қажетті техникалық база сатып алынады.
Шығысқазақстандық мал дәрігерлерін көлікпен 100% жабдықтау – мал шаруашылығын қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру және халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Алтай ауданына 11 көлік бөлінді: 7 Соболь, 3 cobolt, 1 Jac Пикап.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1051366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді