
Мемлекет басшысы Мағжан Жұмабаевты тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі жұртының мақтанышы екенін атап өтті. Отанға деген сүйіспеншілікке толы оның жырлары халқымыздың рухани қазынасының алтын қорына енді.
Мағжан орталығы – ғылыми зерттеулер, мәдени-ағартушылық жобалар мен шығармашылық бастамалар жүзеге асатын заманауи интеллектуалдық алаң болмақ. Бұл — Мағжанның бай мұрасын тану мен насихаттауға бағытталған маңызды қадам.
Салтанатты шараға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қорының басшылығы, меценаттар, ақынның ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Мағжан орталығының» ашылуы – рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық мәдени бірегейлікті нығайту және Қазақстанның түркі әлеміндегі рухани-мәдени орталық ретіндегі рөлін арттыру жолындағы маңызды оқиға.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1051468?lang=kk
Жауап қалдыру