Заңсыз шығарылған активтерді қайтару және тиімді пайдалану бағытындағы мемлекеттік саясат аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Жітіқара аудандық ауруханасының емхана ғимараты мен өтпелі жолын қайта жаңғырту жобасын мақұлдады.
Аталған жобаны қаржыландыруға 972 миллион теңге бөлінді, бұл қаражат толықтай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арқылы мемлекеттік бюджетке қайтарылған активтер есебінен бөлініп отыр.
Жобаны іске асыру өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттырып, амбулаториялық және стационарлық көмек көрсету үшін заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемесінің материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады.
Жобаның орындалуы мен қаражаттың тиімді жұмсалуы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1051341?lang=kk
Жауап қалдыру