🔰 ТҮРКІСТАН: ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУДЫ УАҚЫТЫЛЫ РӘСІМДЕУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес 2025 жылдың 14 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Ержанов Бекжан Ержанұлы және Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын түсіндіру мақсатында Түркістан қаласында тұрақты жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субьектілерімен кездесу өткізді.
 
🔹 Кездесуге Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Атымтай Асхат Әділханұлы, «NOMAD LIFE» АҚ сақтандыру компаниясының өкілі Садуақас Сұлушаш Маратқызы, «Freedom Life» АҚ сақтандыру компаниясының өкілі Көшерова Фарида Нұрлыбайқызы, «Halyk Life» АҚ сақтандыру компаниясының өкілі Ғайбуллаев Асылбек, сонымен қатар өңірдегі мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың басшылары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына, жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігінің төмендетуіне септігін тигізетін негізділігіне түсіндірме бере отырып, жұмыскерлерді сақтандыру шарттарының ережелері, мерзімі, сақтандыруы тиіс компаниялар мен жеке кәсіпорын мекемелері туралы талдау жасап өтті.
 
🔹 Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген заңдылықтарға сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы да ескерту жасады. Департаментпен жасалынған арнайы ескерту хабарламалары таратылды.
 
🔹 Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпкерлер тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша кәсіпорын иелерін осы бағытта атқарылатын іс-шараларға бірлесе ат салысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1051169?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді