
🔰Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Қалиев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облысы бойынша филиалында жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында Мойынқұм ауданы, Шығанақ елді мекені маңындағы «Алматы – Астана – Екатеринбург» бағытындағы тас жолда орналасқан «Шығанақ» трассалық медициналық-құтқару пунктінде болып, медициналық-құтқару тобының жұмысымен танысты және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған медициналық-құтқару пунктінің негізгі қызметі – жол бойында орын алатын төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен автожолда туындайтын кез-келген жағдайларда медициналық-құтқару көмегін көрсету болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1050063?lang=kk

Жауап қалдыру