
2025 жылдың 11-15 тамыз күндері аралығында азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау кестесіне сәйкес, қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, Р.Ысқақова, Н.Тұрғанбаев, Ә.Әбләзім, Б.Төлеген, Т.Мақаш және Ә.Мампаев тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан төмендегідей мәселелер көтерілді:
– Әль-Фараби тұрғын ауданы, Жұлдыз көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
– Мемлекеттен тұрғын үй алу;
– Тұрақты жұмысқа орналасу;
– Байтерек мөлтек ауданының ауыз су, кәріз су құбырларын жүргізу;
– Хон-Бен-До көшесіне қосымша аялдама орнату;
– Ыдырысов тұйығындағы көп жылғы қураған талдарды кесу;
– Ақмешіт, Мерей мөлтек аудандарының аяқ су мәселесі.
Депутаттар тарапынан, өтініштері байланысты құзырлы органдарға депутатық сауалдар жолданып, олардың шешілуі бақылауда болатындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1052038?lang=kk

Жауап қалдыру