
Ағымдағы жылдың 8 тамыз күні Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Сыздықов және Қоғамдық кеңес мүшелері Н.Сильчукова және Р.Нурсултанова қала тұрғындарының және көлік оқиғасының қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінде орналасқан бейне бақылау камераларының жағдайымен танысып қайтты. Мониторингтік бақылау барысында Аягөз аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ш.Қалиасқаров бейне бақылау камераларының кабель жүйелерінің ескіріп, қаламыздың кейбір бөлігінде бейне бақылау камераларының жұмыс жасамай тұрғанын атап өтті. Алдағы уақытта бюджеттен қаржы бөлінсе бейне бақылау камераларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндігін алға тартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagosmaslihat/press/news/details/1049423?lang=kk
Жауап қалдыру