
Соңғы кезде алаяқтар көбейіп кетті. Олар сіздің жеке деректеріңіз бен телефоныңызға қол жеткізуді көздейді.
Сіздің білуіңіз керек маңызды ақпарат:
1414-тен келген SMS-код пен ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды;
Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
Бейтаныс адамдардың өтінішімен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз;
Күмәндансаңыз — 1414 байланыс орталығына қайта хабарласыңыз.
Пайдалы байланыстар:
1414 – байланыс орталық
102 – полицияға алаяқтық туралы хабарлау
️Маңызды: Біз бизнес-аккаунттарды пайдаланбаймыз және мессенджерлерде (WhatsApp, Signal, Viber және т.б.) қолданушыларға хабарлама жібермейміз.
Деректеріңізді қорғаңыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/1050761?lang=kk
Жауап қалдыру