Актобе облысындағы үлестік құрылыс аясында қаражат тарту және проблемалық нысандар туралы ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесіні хабарлайды:

Бүгінгі таңда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тек екі компанияға берілген:

  1. «Чона» ЖШС және «SK QYRULUS» ЖШС – нысан: «Молдир» тұрғын үй кешені, мекенжайы: Ақтөбе қ., Батыс-2 ш/а, 339А үй.
  2. «Сартай Энерго Сервис» ЖШС және «K7 Engineering» ЖШС – нысан: «ALIYA» тұрғын үй кешені, мекенжайы: Ақтөбе қ., Батыс-2 ш/а, 49Л учаскесі.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында 12 үлестік құрылыс нысаны ресми түрде проблемалық деп танылған.

Проблемалық нысандар тізімі:

«Алаш Орда-1» ТКК – 1 нысан;

«КазЭкоСтрой Актау» ЖШС – 2 нысан: «Эксклюзив» ТК және «Жангали» ТК;

«Aktobe Rom Group» ЖШС – 2 нысан: «Эксклюзив» ТК және «Бозжыра» ТК;

«Сафина» ТК – 3 нысан;

«Каспий» ТК – 1 нысан;

«Жилище» ТК – 2 нысан;

«СтройСервисРегион» ТКК – 1 нысан.

 

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚРЗ бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған құрылыс компанияларының тізімі:

ТОО «Маяк ЛТД», ТОО «SHADIYAR GROUP», ТОО «СК Актобе-2010», ТОО «Сконур», ИП «Кунакбаев Арсен Рамазанович», ТОО «Актобе Элит», ТОО «SHANYRAQ QURULYS», ТОО «Aktobe ROM Group», ТОО «Эвелина», ТОО «Актобе Элит 2020», ТОО «Строй Шанырак», ТОО «NOVO Stroi», ТОО «BAISANAT-A», ТОО «Build Company Aktobe», ТОО «КапСтрой-2030», ТОО «ANK Partners», ТОО «АЛЫМ НЖИНИРИНГ», ТОО «2020 Али», ТОО «Жастар құрылыс компаниясы», ТОО «CK SA.PA QURYLYS», ТОО «Актобе Элит Строй», ТОО «FSPC», ТОО «Talimar», ТОО «НС Актобе Жилой Групп», ТОО «Сатым Групп», ТОО «Первый квартал», ТОО «Batys 2022», ТОО «Саулет Курылыс Сервис-2007», ТОО «СМП Групп», ТОО «Бахит курылыс», ТОО «Ск 8-Строй», ТОО «Grand Complex», ТОО «Concrete Beton», ТОО «СК Sapa Qurylys», ТОО «Каскадсервис», ТОО «Asar group-2030», ТОО «А.С.Стройгаз», ТОО «Batys city company», ТОО «Samat group LLC», ТОО «СК8-строй».

 

Қосымша ақпарат:

Үлестік құрылысқа қатысу үшін азаматтар келесі сақтық шараларын сақтауы қажет:

Жобаның заңдылығын және құрылыс салушының сенімділігін тексеру.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, құрылыс салушы жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуға міндетті. Мұндай рұқсатсыз құрылыс салушы азаматтардан қаражат тартуға құқылы емес.

Үлестік қатысу шартына қол қою.

Құрылыс салушының келесі міндетті құжаттарының бар екеніне көз жеткізу (7-бап):

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат;

Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама;

Жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттар;

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия;

Инжинирингтік компаниямен шарт (егер тиісті модель қолданылса);

Қаржыландыру моделіне байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру немесе банк кепілдігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1049726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді