Алматы қаласы ТЖД: жаңа су сору құрылғысы орнатылған   өртке қарсы автокөліктері сапқа еңгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық бюджет есебінен қаржылық лизинг арқылы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне екі дана су сору – жеңді   өртке қарсы автокөлігі сатып алынды. Бұл техника қосымшам су қорын құрып, оны 2 шақырымға дейінгі магистральдық желілер арқылы жеткізуге, сондай-ақ жеке құрам мен өрт-техникалық жабдықты өрт орнына тасымалдауға арналған.

Атап өту  керек, ТЖМ жүйесін жаңғырту аясында Алматы қаласында материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары жүйелі және кезең-кезеңімен жүргізілуде. 

Биыл 2025 жылы республикалық бюджет есебінен үш АЦ-3-40 өрт сөндіру автоцистернасы жеткізілді.

Ал жергілікті бюджет есебінен тағы 10 бірлік техника алу жоспарланған: 

– 2 автоцистерна-саты; 

– газ-түтіннен қорғау қызметінің арнайы көлігі; 

– су тасымалдаушы көліктер; 

– 2 өрт сөндіру автосатысы (АЛ-30); 

– 3 буындық көтергіш техника; 

– 4 сағаттық тыныс алу аппараттары; 

– 1297-ден астам өрт сөндірушіге арналған жауынгерлік киім жиынтығы.

– үш дана  автокөтергіш өртке қарсы  техника.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1051691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді