
2025 жылғы 11 тамызда Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлының төрағалығымен ауылдық округ әкімдерінің, аудандық атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық барысы болды. Бұл мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы П.Ю. Барахоева баяндама жасап, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы ақпарат берді.
Жиналыс барысында сондай-ақ бірқатар ағымдағы мәселелер қаралды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1049367?lang=kk
Жауап қалдыру