Ақтауда мектеп маңындағы жол инфрақұрылымы тексерілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Ақтау қаласының жол-көлік және техникалық инспекция бөлімшесі білім беру ұйымдарына жақын орналасқан көше-жол желісіне кешенді тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Аталған жұмыс жоспарлы тәртіппен басталып, жалғасуда.

Тексеру барысында жол белгілерінің жағдайы, орнатылуы, көрінуі және нормативтік талаптарға сәйкестігі назарға алынады. Сонымен қатар, жол жиегіне жақын орналасқан тротуарлар мен қоршаулар да қаралады.

Мектептерге жақын орналасқан реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қажеттілік туындаған жағдайда жол белгілері мен таңбалары жаңартылып жатыр.

Сондай-ақ, жаяу жүргінші батырмасы бар бағдаршамдардың жұмысы тексерілуде. Проездік бөлікке тікелей жақын орналасқан мектептер — ерекше бақылауда.

Көлік қозғалысы қарқынды жүретін аумақтарда жылдамдықты төмендетуге арналған жасанды жол кедергілерін орнату мүмкіндігі қарастырылуда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында жол белгілері жаңартылып, жол сызықтары мен өзге де қауіпсіздік элементтері қалпына келтірілуде.
Жұмыстар күн сайын, күнтізбелік мерзімді күтпестен жүргізілуд

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1050187?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді