
2025 жылғы 8 тамызда облыстық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есімханұлы Есенбаев, медициналық ұйымдардың басшылары, сала мамандары және республикалық деңгейдегі сарапшылар қатысты.
Президиумда медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қайрат Қанатұлы Сабыр да болды.
Күн тәртібінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштеріне талдау және саланың өзекті мәселелері қаралды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бақытұлы Сұлтангерев өңірдің қазіргі жағдайы мен денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштерін таныстырды. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мемлекеттік бақылау нәтижелері және иммунопрофилактика саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.
Медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы өңірдегі медициналық ұйымдардың жұмысын мониторингілеу нәтижелерін ұсынды. Облыстың штаттан тыс бас онкологы Елдос Ершатұлы Смайлов онкологиялық қызметтің дамуы және медициналық ұйым басшыларының негізгі тиімділік көрсеткіштері (KPI) туралы айтты.
Сондай-ақ трансплантология қызметін дамыту және өңіраралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл тақырыпта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығы директорының орынбасары Назгүл Защитқызы Жильгельдина баяндама жасады.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыруға, бақылау мен профилактикалық шараларды күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1051498?lang=kk
Жауап қалдыру