Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған жұмыс «Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 15 мен 26 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1052095?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді