
Атырауда өткен ұлы Абайдың 180 жылдық мерекесінде ұлттық нақышқа толы үлкен думан ұйымдастырылды.
Мерекелік алаңда киіз үйлер тігіліп, ауылдың көркем келбетіне айналды. Киіз үй маңында қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылып, қала тұрғындары қазақтың зергерлік, тұрмыстық және сәндік өнерімен танысты.
Сонымен қатар, асық ату, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күресі сынды ұлттық ойындар ойнатылып, көрерменнің қызығушылығын оятты.
Абай мұрасын насихаттау мақсатында ақынның кітаптары мен Абай бейнеленген картиналардан көрме ұсынылды.
Ұлттық өнер мен мәдениет тоғысқан бұл күн – Абай рухын жаңғыртқан жарқын мереке болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1049633?lang=kk
Жауап қалдыру