АУДАН ӘКІМІ ӨРТ СӨНДІРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Айбек Көпенов өрт қауіпсіздігі саласына қатысты бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

🔹Алдымен аудан басшысы қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған өрт сөндіру бекетіне барып, қызметкерлермен кездесіп, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен жұмыс жағдайларын көрді. Өрт сөндірушілердің атқарып отырған маңызды әрі жауапты қызметіне табыс тілеп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кейіннен аудан басшысы жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру депосының құрылыс алаңына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіліп жатыр. Нысан заманауи талаптарға сай салынып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету деңгейін арттыруға бағытталған.
Аудан әкімі мердігер ұйым мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, нысанның уақтылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

🔹Аталған өрт сөндіру депосы іске қосылған соң, төтенше жағдайлар кезінде көрсетілетін көмектің жеделдігі мен сапасы арта түспек. Бұл — аудан тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды қадам.
Құрылыс барысы Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1050454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді