
✅Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов, аудан әкімінің орынбасары Б.Кангужин, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары А.Шотанов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Үсенғалиев қатысты.
🔹Тұрақты комиссия отырысында депутаттар аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары А.Шотановпен кездесіп, сайлаушылардың өтініштерін жеткізді. Кездесу барысында құқықтық сипаттағы өзекті сұрақтар қойылып, туындаған мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Отырыста сонымен қатар, төмендегі мәселелер қаралды.
1. Алға аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің биылғы жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы.
2. Ауданымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
🔸Депутаттар ақпараттарды тыңдап, талқылап, тиісті қаулы қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1049358?lang=kk
Жауап қалдыру