АУЫЛДЫ ӨНІМІНЕН ТАНЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында көрме ұйымдастырды. Шаруалар өз өнімдерін жаймалаған шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының басшысы Н. Өтепбаев қатысты.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сырым аудандық филиалының директоры Салтанат Жұмағұлованың айтуынша, «Бір ауыл – бір өнім»– кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнімді өндіру арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті ресурстардан өнімді жасау және жылжыту бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жоба. Мақсаты – жергілікті және оқшауланған ресурстардан, оның ішінде ауылдық деңгейде өңірлік өнімдерді анықтау, сондай-ақ өндіріс технологияларын жетілдіруге жәрдемдесу және сыртқы және ішкі нарықтарға шығуды ілгерілету.
«Бір ауылдың өнімі» деп кез – келген өнімді таныстыра беруге болмайды. Оның да талаптары бар.
Тауар жергілікті оқшауланған шикізаттан өндірілуі тиіс;
Дайындалу кезінде қарапайым құралдар мен механизмдер қолданылуы керек әрі мүмкіндігінше ол өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін көрсетуі және қамтуы тиіс;
Әрине, өнім құрамында қауіпті немесе зиянды заттар болмауға, өнімді (тауарды) қауіпсіз тасымалдау үшін қажетті қаптаманың болуын ескерілуі, сондай – ақ өнім (тауар) тез бұзылатын санатқа жатпауға, яғни сақтау мерзімі 5 (бес) күннен аспауға тиісті.
Міне, осы ерекшеліктер сақталғанда ғана өнім ауылының бренді бола алады.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы нәтижелі ме? Көрмеде Сырым ауданының бренді ретінде қандай өнімдер таныстырылды?
❗️Келесі жарияланымдарды қараңыз…

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді