Ағымдағы жылдың 12 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау мәселесі бойынша байланыс бейнеконференция арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев білім берудің барлық деңгейлері бойынша жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндады. Баяндамада Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, кеңесте жоғары білім, денсаулық сақтау, ішкі істер, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері мен өңірлердің әкімдері сөз сөйледі.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бектенов Олжас Абайұлы бірқатар тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1049593?lang=kk
Жауап қалдыру