Батыс Қазақстан облысында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12-14 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Оның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, сондай-ақ алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау.

Іс-шараның негізгі міндеттері:
-профилактикалық есепке қойылуға жататын адамдарды анықтау;
-спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беретін азаматтарды есепке қою;
-халықпен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған анонимді сауалнама жүргізіледі.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1049553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді