2025 жылғы 3 шілдеде Баянды ауыл клубында “AMANAT” партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинованың қатысуымен маңызды жиын өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ауыл кәсіпкерлерін қолдау, кооперацияны дамыту және ауыл шаруашылығын жүйелі жүргізу жолдарын талқылау болды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар туралы нақты мәліметтер алып, қолжетімді мүмкіндіктермен танысты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту аясында кооператив құру жолдары қарастырылып, кооперацияның тиімді тұстары кеңінен түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1049357?lang=kk
Жауап қалдыру