ЧЕМПИОНДАРҒА ШАПАН ЖАПТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЧЕМПИОНДАРҒА ШАПАН ЖАПТЫ
Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов әкімдіктің кіші мәжіліс залында спортшыларды қабылдады. Айта кетейік, тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні атап өтіледі.
Соңғы бірер айда Сырым ауданы бірқатар спорт шараларында сәтті өнер көрсетті. Ауыл ойындарының “Олимпиадасы” саналатын “Ақбидай” жарысында біздің ауданның құрамасы төртінші орынға табан тіреді. Садақшылар, балуандар мен тоғызқұмалақшылар жоғары деңгей көрсетті. Ал, Оралда өткен дзюдодан ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатында сырымдық дзюдошылар жеңіс шеруін жасады.
Серік Тоқмамбетов аудан атын алға сүйреп жүрген спортшылар мен жаттықтырушыларға, жас ұрпаққа үлгі болып, әлі залда жүрген аға буынға алғыс айтты.
Кездесуде Серік Әнуарұлы дәстүрлі садақ атудан “Ақбидай” ойындарының республикалық кезеңіне жолдама алған Мұрат Лұқпановқа, 65 жасында дзюдодан дебют жасап, ел чемпионы атанған Санат Берсебаевқа алғыс хат тапсырып, шапан жапты.
Аудандағы бұқаралық спорттың дамуына үлес қосқан алғабастық Асқар Бахытжанұлына ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ж. Жарасбаевтың алғыс хаты тапсырылды
Серік Тоқмамбетов спортты қолдау шаралары ұдайы жүзеге асатынын, соның ішінде биыл бірқатар түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылатынын айтты.
Осы жылы 25 млн теңгеге
халықтық қолданыстағы 5 спорт нысаны жөнделеді. Олардың ішінде Сырым саябағындағы корт пен Қызылағаш ауылындағы едені жоқ спорт алаңы бар.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді