Департамент қызметкерлері мен аймақтық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент қызметкерлері мен аймақтық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізді.

Бүгінгі күні облыс аумағында аталған санаттағы балаларды қолдауға бағытталған 10 ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде: 8 ұйым – білім беру жүйесінде (балалар ауылдары, балаларды қолдау орталықтары, жасөспірімдер үйі); 1 ұйым – денсаулық сақтау жүйесінде (сәбилер үйі); 1 ұйым – әлеуметтік қорғау жүйесінде (балаларға АӘҚ көрсету орталығы).

Тексеру барысында келесі бағыттар бойынша жағдайлар мұқият зерттелді:

балалардың тұру жағдайлары,

материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі,

тамақтандырудың ұйымдастырылуы,

тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері,

психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу,

білім беру және тәрбие процесінің ұйымдастырылуы.

Мониторинг барысында балалардың құқықтарының сақталуына, отбасыға барынша жақын жағдай жасауға, сондай-ақ ата-аналармен, қамқоршылармен және әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл жасауға ұйымдардың дайындығына ерекше көңіл бөлінді.

Жүргізілген жұмыс мекемелердің қызметін түзетуге және қажет болған жағдайда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын және әлеуметтенуін жақсартуға бағытталған қосымша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1051033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді