
ЕЛ ТАҢДАНҒАН ЕТІКТЕР
Жаңағы талаптарға сай өнімдерді сырымдық кәсіпкерлер де шығарып жатқаны қуантады. Орал қаласында өткен көрмеге Сырым ауданы бойынша 4 кәсіпкер өз тауарын таныстырған.
Оның біріншісі – аяқ киім өндірісімен танымал сырымдық кәсіпкер Нәсіпқали Жылқайдаров. Біз бұған дейін Нәсіпқали мырзаның Аралтөбе ауылдық округіндегі цехында болғанбыз, таза былғарыдан тігілген аяқ киімдерін көріп сүйсінгенбіз, мақала жазғанбыз. Біздің ол мақаламыздың газет бетін көргеніне де 10 жыл болды. Нәсіпқали ағамыз сол уақытта арнайы киімдер тігіп жатқанын, бірақ қазақтың тері илеу, қайыс өңдеу кәсібіне ерекше ден қойып, аяқ киім өндірісін ширатқысы келетінін айтқан. Уақыт өтіпті, ал еңбек жалғаса берген.
Кеше көрмеде Жылқайдаровтың туфли, етіктерінің, ер – тоқымы мен сөмкелерінің жанынан ешкім асып өте алмады. Бәрі таңдай қағып, талғаммен баға берген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052147?lang=kk
Жауап қалдыру