Хабарландыру!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашалығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылы 15 қыркүйек күні сағат 15:00 – де, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр №6 ғимаратында, жолаушылармен багаждарды ауылішілік тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсқа:

 –  №1 ЛОТ – Құрық ауылішілік

 – №2 ЛОТ – Жетібай ауылішілік

маршруттарының пакеті шығарылады. 

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде, автобустарды иеленуші кез-келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр №6 ғимараты, «Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашалығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жазбаша өтінім бойынша ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттар жиынтығын ақысыз алуға болады.

Конкурстық құжаттар алуға өтінімдерді қабылдау мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылы «29» тамыз сағат 18.00 –ге  дейін.

2025 жылы 18 тамыз сағат 15.00 –де конкурстық комиссия, конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алды конференция өткізеді.

Анықтама алу үшін телефон: 8 776 016 00 60

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1052107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді