Халықаралық ағылшынтілді «Brussels Morning» басылымында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Kazakhstan’s Approach to Embedding Judicial Independence Through Institutional Reform» («Қазақстанның сот билігінің тәуелсіздігін институционалдық реформалар арқылы нығайтуға көзқарасы») атты мақаласы жарық көрді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық ағылшынтілді «Brussels Morning» басылымында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Kazakhstan’s Approach to Embedding Judicial Independence Through Institutional Reform» («Қазақстанның сот билігінің тәуелсіздігін институционалдық реформалар арқылы нығайтуға көзқарасы») атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада Қазақстанның сот жүйесінде кәсіби, тәуелсіз және ашық сот корпусын қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған ауқымды өзгерістер жайында кеңінен баяндады.

Ол негізгі шаралар ретінде судьялар кәсібіне қойылатын жоғары стандарттарды бекітуді, судьяларды іріктеудің ашық және көпсатылы рәсімдерін енгізуді, судьялардың тәуелсіздігі кепілдіктерін күшейтуді, Академияны Кеңес қарамағына өткізу және оқу бағдарламаларын жаңарту арқылы білім беру мен ғылыми базаны дамытуды, кадрлық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуді және Жоғары Сот Кеңесінің жұмысына заңгерлік пен азаматтық қоғамды тартуды атап өтті.

Кәсіби және тәуелсіз сот корпусын қалыптастыру — бұл заңнамалық кепілдіктермен қатар, судьялар қызметіне кез келген заңсыз араласудан қорғаудың нақты тетіктері маңызды болатын жүйелі әрі кешенді жұмыс, — деп атап өтті Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов.

Brussels Morning-де мақала жариялау Қазақстанның сот корпусын нығайтудағы көзқарасын халықаралық аудиторияға жеткізуге мүмкіндік беріп, институционалдық реформалар мен Жоғары Сот Кеңесінің қызметіне шетелдік қызығушылықтың артқанын көрсетті.

Аталған реформалар — заң үстемдігін және қоғамның сенімін қамтамасыз ете алатын тұрақты сот жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Brussels Morning — Брюссельде орналасқан, халықаралық қатынастарды, саясатты және Еуропа мен әлемдегі маңызды оқиғаларды қамтитын тәуелсіз ағылшынтілді басылым.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1050020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді