Кеңейтілген кезекті аппарат отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген кезекті аппарат отырысы өтті.

Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
☑️Пайдаланбайтын жер учаскелерін Мемлекеттік жер қорына қайтару бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар және конкурстармен аукциондар өткізу қажеттілігі;
және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшылары хабарлама жасады.
Аудан әкімі жиын барысында аудан аумағындағы нысаналы мақсатсыз пайдаланып жатқан ауыл шаруашылық жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару немесе мақсатты игеру жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп, ауданда ұтымсыз пайдаланып немесе пайдаланбай отырған жер учаскелерін анықтап,өзара ұйымдастырушылық іс-қимыл жоспарының әзірленуіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын басты назарға алып, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне іс-шаралар ұйымдастыру керектігін тапсырды. Қарастырылған сұрақтар бойынша жауапты сала басшылары мен ауылдық округ, кент әкімдеріне атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1050075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді