Ағымдағы жылы Желтоқсан көшесінде орналасқан Керей мен Жәнібек хандар гүлзарына толық қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру аясында 6,5 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, 100-нан астам ағаш пен 7 мыңға жуық көпжылдық жасыл желек отырғызылды. Олардың жайлы өсуін қамтамасыз үшін жергілікті суару жүйесі қарастырылған.
Сонымен қатар, гүлзар аумағындағы көше жиһаздары жаңартылып, қосымша шойын жарық шамдары орнатылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1049334?lang=kk
Жауап қалдыру