Лас қол ауруы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ротавирустық инфекция – ротавирустар тудыратын жедел ішек инфекциясы. Ротавирустық инфекциямен әдетте кішкентай балалар жиі ауырады.

Инфекция көзі – айқын немесе жасырын клиникалық белгілері бар науқастар (вирус тасымалдаушылар).

Берілу жолдары:

  • фекальды-оральды (ластанған заттардан және қол терісінің кір жерлері);
  • ауа тамшылары (науқаспен байланыста болған кезде);
  • алиментарлы (дұрыс жуылмаған тағамдарды және ластанған суды тұтыну кезінде).

Инфекцияның алдын алу:

  • жеке гигиена ережелерін сақтау (қолды уақытылы жуу);
  • тек дұрыс жуылған және дұрыс өңделген тағамдарды тұтыну;
  • тек сүзгіден өткен қайнаған суды ішу үшін пайдалану.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ротавирустардың профилактикасы ерекше маңызға ие. Бала ауырған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1050457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді