Маңғыстауда жастар күніне орай концерт өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Маңғыстауда ашық аспан астында ауқымды Open Fest концерті өтті. Іс-шараны облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы 12 тамыз арнайы жастар күніне орай ұйымдастырды.
Мерекелік концерттің мақсаты – мәдени іс-шараларды дамытып, ерекше жандардың өнер мен мерекелік атмосфераны толыққанды сезінуіне мүмкіндік беру. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған арнайы орын дайындалады. Бұл орын сахнаға жақын орналасып, іс-шараны ыңғайлы жағдайда тамашалауға мүмкіндік береді.

– 12 тамыз күні өңірімізде Open Fest атты үлкен ауқымды шараға 15-20 мыңға жуық тұрғын жиналды. Ең ерекшелігі Open Fest концертінде ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін қолайлы жағдай қарастырылған. Жастармен бірге фестиваль аясында елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетті. Тұрғындарға Мирас Жүгінісов, Тұрар Ыдырыс, Ғаділбек Жаңай сынды танымал әншілер ерекше көңіл-күй сыйлап, қошеметке бөленді,- деді Мұқаш Оралбай.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1050417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді