МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛҒАН СЛЕСАРЬ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Астана қаласында жаңа оқу жылының қарсаңында республикалық тамыз конференциясы өтті.
Шара барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев
Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің слесарь-жөндеушісі Қоғабаев Жеңіс Зайлағиұлын алғыс хатымен марапаттады.
Әдетте, білім саласына қатысты жиындарда педагогтар құрмет төріне көтерілетіні белгілі. Ауыл мектебіндегі слесарь – жөндеушінің министрлік марапатына ие болуы сүйсінерлік жағдай.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай министріміз Ғани мырза биыл білім беру ұйымдарының техникалық қызметкерлерін де марапаттады. Еленген еңбек, лайықты құрмет деп ойлаймын. Мектепте жайлы әрі таза орта қалыптастыруда олардың үлестері зор. – дейді Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді