
Аудан әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен өткен жиналыста екі маңызды мәселе қаралды:
1️⃣ Жол бойындағы иесіз жануарлар
Аталған бағытта атқарылған жұмыстар бойынша аудандық полиция, ветеринариялық қызмет және ауылдық округ әкімдері баяндама жасады.
2️⃣ Ауыл шаруашылығы санағын өткізу
Статистика басқармасының басшысы дайындық барысы туралы ақпарат берді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын жүйелі дамыту мақсатында тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуы қатаң бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1051455?lang=kk
Жауап қалдыру