
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылына дайындығының қорытындылары, оның ішінде ондағы жөндеу жұмыстарының орындалуы және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» Қарағанды қаласы білім бөлімі басшысының ақпараты қаралды.
Бірлескен отырыс жұмысына Қарағанды қаласы білім бөлімі басшысы, Қарағанды қаласының аудан әкімдерінің орынбасарлары, Қарағанды қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы, Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, Қарағанды қаласының аудандары бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының өкілдері қатысты.
Қарағанды қаласы білім бөлімі басшысы Әшім Е.М.-нің ақпаратына сәйкес, биылғы жылы 13 білім беру ұйымында күрделі жөндеу, 64 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Қалалық мәслихат депутаттары жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылау мақсатында 44 білім беру ұйымын аралады. Уәкілетті органның ақпаратына сәйкес, жаңа оқу жылы басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін барлық шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының аудандары бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының өкілдерінің мәліметінше, қаланың барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылына балаларды қабылдауға санитариялық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілген.
Бірлескен отырыс барысында сондай-ақ, «Всеобуч» қорының мәселелері, оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп оқушыларына сапалы ыстық тамақ ұйымдастыру, мектеп оқушыларының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету (қажетті жол белгілерін және жасанды жол кедергілерін орнату, мектептерге кіреберіс жолдарын жөндеу және жарықтандыру) мәселелері талқыланды.
Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дайындау мәселесі қалалық мәслихат депутаттарының мониторингінде тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1050703?lang=kk
Жауап қалдыру