
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Қазалы ауданының нотариустарының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған медиа-жоспарына сәйкес, нотариаттық кеңсенің ғимаратында «Әр азаматқа –заңдық көмек!» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Қазақстан Конституциясы азаматтардың құқықтарын сақтауға барынша кепілдік береді. Әрбір адам өзінің құқығын білуі, оны қорғауы керек. Адам өз құқығын біліп, оны дұрыс пайдалана білсе ғана, қоғам дамиды. Қазақстанның әрбір азаматы өз құқығын қадірлесе, мемлекет те соғұрлым берік, болашағы жарқын болады.
Бүгінгі кездесуге Қазалы ауданының нотариустары Б.Нурманов және Ш.Кадиров қатысты. Барлық келушілерге білікті құқықтық көмек көрсетіліп, оларды қызықтырған мәселелері бойынша, соның ішінде чат-ботты пайдалану тәртібі жөнінде, жан-жақты түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1051127?lang=kk

Жауап қалдыру