Қазақстандық Расул Асанханов 90 келі салмақта Азия чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1–11 тамыз аралығында Бангкокта (Таиланд) жастар арасында U19 және U22 жас санаттарында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы құрамасының сапында біздің жерлесіміз, Шахтинск қаласының спортшысы Расул Асанханов өнер көрсетуде.

90 кг салмақ дәрежесінде ол жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін көрсетіп, Азия чемпионы атанды!

Расулды лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа спорттық жетістіктерге, жарқын жекпе-жектерге және әлемдік бокс шыңына сенімді қадам басуына тілектестік білдіреміз! 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1049050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді