QJ Fest – 2025: Бір сахнада – премьералар мен нағыз эмоция!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «QJ Fest – 2025» жастар фестивалінің қорытынды мерекелік концерті өтті.

Алдымен сахнаға ауыл өнерпаздары шығып,  ұлттық әндер мен халық әуендерін орындады. Домбыра үні мен сырлы саздар көрермен жүрегін бірден жаулап, мерекелік кештің шынайы шымылдығын түрді.

Осыдан кейін сахна шырайы арта түсті – кештің басты хэдлайнерлері Beknur Aminov, Esko, Ray және Aya Funk кезекпен сахнаға шықты.

Beknur Aminov екі бірдей су жаңа әнін алғаш рет осы кеште орындап, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, өзінің танымал әндерін шырқап, алаңды шынайы ән кешіне айналдырды.

Esko көптен күткен жаңа «Кайф» әнінің тұсаукесерін дәл осы сахнада өткізіп, көрерменге ерекше музыкалық эмоция сыйлады. Сондай-ақ, жүрекке жетер лирикалық және жанды әндерін орындап, залдағы тыңдармандарды бір сәтке толқынысқа бөледі.

Ray мен Aya Funk заманауи ырғақтағы туындыларымен сахнаны жарқыратып, кештің сәнін аша түсті.

Кеш барысында хэдлайнерлер сахнадан тікелей қолтаңбасы бар арнайы футболкалар таратты. Бұл – әр көрермен үшін ұмытылмас естелікке айналды.

Фестивальдің соңында аспанды түрлі түске бояған әсем отшашу жарқ етіп, «QJ Fest – 2025» мерекелік концерті жастардың шат күлкісі мен шабытты көңіл-күйімен қорытындыланды.

«QJ Fest – 2025» – бұл музыка мен шабыт, өнер мен жастық, бірлік пен достықтың айрықша мерекесі болды.

Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1050193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді