«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды көлік оқу орталығы» оқушылар және қызметкерлерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары   Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК клиникалық-диагностикалық бөлімшесі басшысының қатысуымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды көлік оқу орталығы» оқушылар және қызметкерлерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізді. Семинар барысында клиника, емдеу, туберкулездің алдын алу және анықтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылардың назарына Қарағанды өңірінде туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша статистикалық мәліметтер ұсынылды.

Бекіту материалы түрінде жадынамалар, плакаттар таратылды. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1049812?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді