
Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні БҚО, Теректі ауданы, «М.Мәметова атындағы «Орал» халықаралық әуежайы аумағында жоспарлы түрде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен оқу жаттығулар өткізілетін болады.
Осыған байланысты, сағат 17:00 ден 20:00-ге дейін Әуежай аумағында автокөлік пен халықтың қозғалысына қыска уақытқа шектеулер болуы мүмкін.
Қозғалыс бағытын алдын-ала ойластыруды, сабырлық сақтауды және құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
БҚО ЖШ БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1049917?lang=kk
Жауап қалдыру