Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8 тамызында С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен облыс әкімінің аппаратының ұйымдастыру бөлімі бірлесіп, құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға Ұлытау облыс әкімі Дастан Рыспеков, Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов және облыстық басқарма басшылары мен сала ардагерлері қатысты.

Жиын барысында өңір құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар мамандар «Ерен еңбегі үшін», «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулетші» төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Облыс әкімі мен мәслихат төрағасы марапат иелеріне жылы лебіз білдіріп, олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиын қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-kurylys/press/news/details/1050112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді