
«Құрылыс саласы – кез келген өңір дамуының негізі. Біздің құрылысшылардың еңбегінің арқасында аймақта маңызды жобалар жүзеге асуда: тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым жаңартылуда»,-деді өңір басшысы
✅ Соңғы жылдары жүзеге асқан ірі жобалар:
— 600 орындық «Комфортты мектеп» және 300 орындық коррекциялық мектебі ашылды;
— дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды;
— Береке шағынауданында балабақша пайдалануға берілді;
— 1200 орындық студенттерге арналған жатақхана іске қосылды;
— үстел теннисі орталығы ашылды;
— ауылдық елді мекендерде 38 фельдшерлік-акушерлік пункт пен амбулатория салынды.
Қазір Береке шағынауданында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын.
Жыл соңына дейін Жас Өркен шағынауданында мұз аренасы мен бассейні бар спорт кешені және 280 орындық балабақша пайдалануға беріледі.
Аймақта тұрғын үй құрылысының көлемі тұрақты түрде өсіп келеді — жыл сайын 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл — өңірдің дамуына және халықтың өмір сүру сапасының артуына қосылған маңызды үлес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1049777?lang=kk
Жауап қалдыру