
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы С.Үбіғалиева 2025 жылғы 15-тамызы күні Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Г.Изимованың және ауданға қарасты мекеме өкілдерінің қатысуымен өткізілген семинарға қатысып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары бойынша, оның ішінде жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасау, оның маңыздылығы, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында мекеме өкілдері мемлекеттік еңбек инспекторына сұрақтар қою арқылы пікір алмасып, сауалдарына толық жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1052175?lang=kk
Жауап қалдыру