
«Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізу туралы семинар өтті
2025 жылдың 12 тамызында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында «Саламатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру шеңберінде семинар өткізді.
Аталған семинарға Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Семинар барысында Департаменттің тәуекелдерді бағалау, мониторингілеу және талдау бөлім басшысы Л.А. Ршауовамен «Саламатты жұмыс орындары» жобасын енгізу және оны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады.
Сонымен қоса, жобаның мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын сақтау және жақсарту, қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін жағдайлар жасау, созылмалы жұқпалы емес және кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке қабілетсіздікпен байланысты шығындарды азайту туралы айтылды.
Семинар әсерлі өтті, тыңдаушылар белсенді қатысып, барлық сұрақтарына толық жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1049658?lang=kk
Жауап қалдыру