Салық саласының майталмандары марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мойынқұм ауданында салық қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алибек Нурадинов салық қызметінің мамандарын құттықтап, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

«Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстандағы салық қызметі органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын. Сіздің кәсібилігіңіз, іске жауапкершілікпен қарауыңыз, табандылық пен бұзушылықтарға төзбеушілік – ішкі кірістер қызметі алдында тұрған маңызды міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар мен басқарудың заманауи әдістерін белсенді енгізе отырып, салық төлеушілермен жұмысты одан әрі жетілдіретініңізге сенімдімін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, тұрақты, табысты және жемісті еңбек тілеймін», – деді ол өз құттықтау сөзінде.


Марапат иелері

Салтанатты шара барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлер еңбектері үшін аудан басшысының марапаттарына ие болды.

  • Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін және 14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні кәсіби мерекесіне орай
    Нуртаева Шекер Бейісбайқызы – Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау, құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің басшысы – ауданға сіңірген еңбегі үшін арнайы төсбелгімен марапатталды.

  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін аудан әкімінің «Мойынқұм ауданына 60 жыл» мерекелік медалі табысталды:

    1. Сырымбетов Калыбек Тлеукулович – зейнеткер, еңбек ардагері

    2. Рахимова Наташа Сабыркуловна – зейнеткер, еңбек ардагері

    3. Байтик Бакыт – Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

    4. Байгонысова Айзат Шарханқызы – басқарманың бас маманы

  • Сонымен қатар аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды:

    • Пойызбек Магауия Маратханұлы – салық төлеушілермен жұмысы бөлімінің басшысы

  • Ал аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

    1. Айбас Сара Бердығұлқызы – басқарманың бас маманы

    2. Байқозы Ақжарқын Қайсарқызы – басқарманың бас маманы


Құрмет пен жауапкершілік

Бұл марапаттар – салық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегіне берілген әділ баға. Жиында сөз алғандар мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен дамуы салық қызметкерлерінің адалдығы мен кәсібилігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1050893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді