
Инвесторлар қаламызда түрлі диаметрдегі түзу жіксіз болат құбырларын өндіретін зауыт салуға қызығушылық танытып отыр. Жоба шеңберінде жылына 200 мың тонна өнім өндіріліп, 170-тен астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Кездесу барысында Ғабит Сыздықбеков жобаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтіп, мұндай бастамалардың Шымкенттің өндірістік әлеуетін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға зор үлес қосатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1051994?lang=kk

Жауап қалдыру