«Таза Қазақстан»: Ақтауда өнер-білім және спорт орталығының оқушылары сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласындағы «Жылы жағажай» аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына бұл жолы «Жігер» өнер-білім және спорт орталығының 40 оқушысы мен 10 педагогы белсене қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар жағалаудан пластик, әйнек және тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңірдегі тазалықты сақтау ісіне өз үлестерін қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек жағалауды таза ұстаумен шектелмейді – олар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға, табиғатқа деген жанашыр көзқарасын нығайтуға бағытталған.

– Қоршаған ортаның тазалығы – тек мемлекеттің емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін оқушыларға ерте бастан ұғындыруды мақсат еттік, – деді орталық директоры Жадыра Төлеғожаева.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1049820?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді